ШЫМКЕНТТЕ “СӨЗ ӨНЕРІНДЕГІ ӨЛКЕТАНУ” АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ⁣⁣⠀

ШЫМКЕНТТЕ “СӨЗ ӨНЕРІНДЕГІ ӨЛКЕТАНУ” АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ⁣⁣⠀

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында Мәдениет басқармасының қолдауымен «Сөз өнеріндегі өлкетану» атты мерекелік кездесу кеші өтті. Тағылымы мол бұл шара Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай «Руханиятқа жол кітаптан» апталығы аясында ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеу.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Мәдени шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Қонақтар қатарында жазушы-журналист Захардин Қыстаубаев, жазушы Сарманбай Исақ, жазушы-журналист Есенкүл Көшербай, ақын Марғұба Мұхтарова және филология ғылымдарының кандидаты Әдемау Толысбаева болды.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Кеш барысында «Ашық кітап – ашық әлем», «Қолтаңба – жүрек ізі» сынды көрме алаңдары ұйымдастырылып, «Автор. Кітап. Шындық» тақырыбында кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, оқушылар әдеби шығармалардан үзінділер оқып, көркем композициялар қойды. «Бір кітап – бір әлем» атты викториналық ойын да қатысушылардың қызығушылығын арттырды.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Ұйымдастырушылар мұндай шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына ықпал етіп, кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайта түсетінін ерекше атап өтті.⁣⁣⠀