ШЫМКЕНТ: «ҚАСІРЕТ» МЕМОРИАЛДЫ ШАТҚАЛЫ КӨГАЛДАНДЫРЫЛУДА

ШЫМКЕНТ: «ҚАСІРЕТ» МЕМОРИАЛДЫ ШАТҚАЛЫ КӨГАЛДАНДЫРЫЛУДА
Шымкент қаласындағы Қайтпас-1 шағын ауданында орналасқан  «Қасірет» мемориалды шатқалын абаттандыру жұмысы қолға алынды. 13,6 гектар аумақты кезең-кезеңмен көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. 
 
Одан өзге, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, қаладағы 8 саябақ пен 38 гүлзарды күтіп ұстау жұмыстарын мердігер мекеме «Шымкент жасыл қала» ЖШС-і жүргізген.
 
Бұл жұмыстардан бөлек биыл 5 гүлзар, атап айтқанда  Қонаев-Ғ.Иляеев көш., Қонаев-Түркістан көш., Байтұрсынов ескерткіші, 8 ш/а аллея, Ипподром аумағы көгалдандырылған. Ал 4 гүлзарда  («Чернобыль», «Шәмші әлемі», «Әл-Фараби алаңы» және «Балалар темір жолы станциясы»)  қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
 
Сондай-ақ, қаладағы 22 фонтан мен 33 скважинаны күтіп ұстау жұмыстарына қаржы қаралып,  жұмыстар кестеге сай атқарылуда. 
 
 
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі