
11 сәуір күні Шымкент Еуропа мен Орталық Азия елдерінен келетін балық шаруашылығы мамандарының бас қосатын орталығына айналады.
I Халықаралық «AUYL INVEST FEST. Балық шаруашылығы» фестивалі аясында қазақстандық балық шаруашылығын жоғары технологиялық индустрияға айналдыруға арналған ауқымды форум өтеді.
Форум аясында «AUYL PARTY» атты гала-концерт ұйымдастырылып, еліміздің эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді:
• Мирас Жүгінісов
• Медеу Арынбаев
• Наркенже Серікбаева
• Элера Қабылжанқызы
және басқа да танымал өнерпаздар.