
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған бизнесті кеңейту мен дамытуға арналған ауқымды турды бастады. Осы орайда 2026 жылғы 6 сәуір мен 4 мамыр аралығында елдің 17 қаласында кәсіпкерлерге арналған тегін кездесулер өтеді.
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға, кәсіпкерлерге бизнесін жаңа деңгейге шығаруға бағытталған жобаны «Атамекен» ҰКП және Central Asian Association of Franchising (CAAF) Орталық Азия Франчайзинг қауымдастығы бірлесіп жүзеге асырады.
Шымкентте өткен кездесуге «Атамекен» ҰКП ШОБ дамыту Комитетінің төрағасы Гүлбану Майгарина, Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Нулифар Сайдуллаева және 70-ке жуық кәсіпкер қатысты.
«Шырайлы Шымкент қаласына қош келіпсіздер. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Орталық Азия Франчайзинг қауымдастығының жетекшілері кәсіпкерлерге пайдалы осындай семинар-кездесулер ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз. Мұндай кездесулер іскерлік қоғамдастық үшін аса маңызды. Еркін форматта бизнесті дамыту бойынша құнды мәліметтер алмасамыз», – деді Нулифар Сайдуллаева.
Кездесу барысында сарапшылар кәсіпкерлерге бизнесті жүйелеу, жергілікті жерле және басқа қалаларда филиалдар ашу және франчайзинг арқылы даму мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп, тәжірибелерін бөлісті. Толығырақ shymkala.kz сайтынан оқуға болады.