ШЫМКЕНТТЕ «AUYL INVEST FEST. БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2026» ФОРУМЫ ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ «AUYL INVEST FEST. БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2026» ФОРУМЫ ӨТЕДІ

2026 жылғы 11 сәуірде Шымкент қаласында «AUYL INVEST FEST. Балық шаруашылығы – 2026» халықаралық фестивалі аясында салалық форум өтеді. Іс-шара «Түркістан сарайы» концерт залында ұйымдастырылады.

Форум Еуропа және Орталық Азия елдерінің мамандарын біріктіріп, балық шаруашылығын дамыту мен жаңа технологияларды енгізу мәселелерін талқылауға бағытталған.

Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге, сондай-ақ Чехия, Дания және Өзбекстанның жетекші ғалымдары мен технологтары қатысады.

Форум алаңында балық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылады. Онда отандық және шетелдік компаниялар заманауи жабдықтарды, инкубациялық шешімдер мен шаруашылықтарды дамытуға арналған био-негіздемелерді таныстырады.