ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жалға берілетін баспаналарды тапсыру рәсімі өтті. Коммуналды үй қорынан берілген пәтерлер Бозарық, Тұран, Асар-2 шағынаудандарындағы үйлерде орналасқан.

Салтанатты іс-шара «Көрме» орталығының алаңында өтіп, оған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, әр отбасыға жылулық, бақ-береке және жаңа үйлерінде жайлы өмір тіледі.

Жалға берілетін тұрғын үйлер I-II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, толық емес отбасыларға, сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарға табысталды.

Айта кетейік, пәтер кілттерін табыстау – баспанаға мұқтаж азаматтарды қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралардың нәтижесі. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғаса береді.