
Бокстан Моңғолия астанасы Ұланбатырда Азия чемпионатының ширек финалы жалғасып жатыр.
Екі дүркін әлем чемпионы, 55 келідегі Махмұд Сабырхан 1/4 финалда Шахзод Мұзафаровпен (Өзбекстан) жұдырықтасты.
Бір-бірін жақсы білетін боксшылар аңдысып жатпай-ақ, алғашқы раундтан ашық айқасқа кетті. 3 раунд бойы жоғары қарқында өткен жекпе-жекте 3:2 есебімен отандасымыз жеңіске жетті.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан 2024 жылғы құрлықтық жарыстың финалында дәл осы Шахзод Мұзафаровты жеңіп, Азия чемпионы атанған.
#шымкент #спорт