
Қызғалдақтың көктеуі көктемнің жаршысындай. Ол көктемді қарсы алып, жазды шығарып салатын әсем гүл. 3 см ден 60 см дейін өсетін бұл гүл бар болғаны 15 күнге ғана гүл ашып тұрады екен. Биыл Шымкент қаласында 1,6 млн қызғалдақ гүлдеді. Әсем гүлдер қаладағы барлық аудан аумағында, негізгі көшелер мен қоғамдық орындарды қамтыды. Атап айтқанда:
Абай ауданында – 318 000;
Әл-Фараби ауданында – 399 000;
Еңбекші ауданында – 127 250;
Қаратау ауданында – 401 500;
Тұран ауданында – 254 250.