
Қала аумағында тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы орайда Мұстафа Шоқай көшесінің бойындағы аяқжол заманауи талаптарға сай жарықтандырылды.
Аталған жобаны жүзеге асыру туралы ұсыныс аудан әкімдігі тарапынан беріліп, тапсырыс беруші ретінде қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы айқындалды. Жұмыстарды мердігер мекеме – «АТЖ» ЖШС жүзеге асырды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кешкі және түнгі уақытта тұрғындардың еркін әрі қауіпсіз қозғалуына барлық жағдай жасалды. Орнатылған жарық шамдары энергия үнемдеуші технологиялармен жабдықталып, көшенің эстетикалық келбетін жақсарта түсті.
Бұл жоба қала инфрақұрылымын дамыту мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.