
Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2025 жылғы қызметіңіз туралы мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» (esep.govtec.kz) есеп беру кезеңі жүріп жатқандығын хабарлайды.
Қазақстан Республикасы «Комерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес, бұл рәсім ұйымдардың ашықтығын қамтамасыз етеді және алдағы уақытта мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурстарына, гранттарға қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
Есептер https://esep.govtec.kz/ порталы арқылы электронды түрде қабылданады. Егер толтыру барысында қандай да бір сұрақтар туындаса, порталдағы бейне-нұсқаулықты қарауды ұсынамыз (https://esep.govtec.kz/video.mp4).
Шымкент қаласының азаматтық қоғам саласындағы белсенділігін сақтау мақсатында, есеп беру мерзімі 31 наурызға дейін (қоса алғанда) екенін ескертеміз. Осыған байланысты, талаптарға сәйкес мәліметтерді орналастыруыңызды сұраймыз.