
Қазақстанның Үкіметбасы Олжас Бектенов форумға қатысушыларға арнаған сөзінде Digital Qazaqstan форумы – бұл ірі халықаралық іс-шаралар сериясының бастамасы ғана екенін атап өтті. Биыл елімізде GITEX Орталық Азия және Кавказ, AI & Digital Bridge, сондай-ақ 100-ден астам елдің қатысушыларын біріктіретін «Болашақ ойындары» өтеді. Тамыз айында жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада өтеді.⠀
⠀
«Біз барлық ниет білдірушілерді осы іс-шараларға қатысуға және өңіріміздің жаңа цифрлық экожүйесін қалыптастыруға атсалысуға шақырамыз. Біз бірлескен жұмысқа, жаңа идеяларға, технологияларға және ұзақ мерзімді жобаларға ашықпыз. Барлық қатысушыларға жемісті жұмыс пен мазмұнды пікірталастар тілеймін»,⠀
– деп атап өтті Олжас Бектенов.⠀