
Биыл еліміз бойынша Наурыз мерекесі «Наурызнама» тұғырнамасы негізінде ерекше тойланып жатыр. Шымкенттіктер де Наурызнама онкүндігінің төртінші күні «Шаңырақ» күнін атап өтуде. Атаулы күнге орай түрлі мәдени шаралар да өткізіліп жатыр. Мерекелік күн аясында қаладағы №135 мектепте «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында өткізілген «Кітап оқитын отбасы» байқауының марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқау «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру аясында өткізілген.
Оқуға құштар отбасы сайысына 31 отбасы қатысқан. Олар белгілі қаламгер Әкім Ысқақтың терең ой мен ұлттық болмысқа толы туындыларын оқып жарысқан. Толығырақ shymkala.kz сайтынан оқи аласыз.