
Шымкент жастары жаңа Конституцияға қолдау көрсетті. Жаңа Ата заңның қабылдануына орай қала жастары қатысқан арнайы мемлекеттік Тумен велошеру өткізілді. Іс-шара «Ауыл» партиясы өңірлік филиалының бастамасымен, қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Велошеру сағат 11:00-де “Қажымұқан” атындағы Орталық стадионнан бастау алды. Қаладағы жоғары оқу орындарының шәкірттері, ерікті жастар, жалпы 100-ге жуық азамат отансүйгіштіктің үлгісін көрсетіп, көк Туды алып жүрді.
Шымкент қаласы «Ауыл» партиясы өңірлік филиалының төрағасы Ғани Қарабеков жаңа Констиртуция бойынша республикалық референдумде жастар белсенділік танытып, қолдау көрсеткенін атап өтті. Енді жаңғыруға бет алып, жаңа қоғамға қадам бастық. Тағылымды іс-шара осы мақсатта қолға алынып отыр.
Айта кетсек, велошеру Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябақта мәресіне жетті.