НАУРЫЗДА ӘУЕ РЕЙСТЕРІНІҢ САНЫ АРТАДЫ

НАУРЫЗДА ӘУЕ РЕЙСТЕРІНІҢ САНЫ АРТАДЫ

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанның әуе компаниялары ішкі бағыттар бойынша қосымша рейстер санын арттыруда.

Air Astana мен FlyArystan 16–29 наурыз аралығында сұраныс жоғары бағыттарға 146 қосымша рейс орындайды. Оның 80-і Алматы – Астана бағытына жоспарланған.

Сондай-ақ Алматы, Астана және Ақтаудан Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қостанай, Семей, Атырау, Өскемен және Орал қалаларына қосымша рейс ұйымдастырылады.

Ал SCAT әуе компаниясы 19–21 наурыз күндері Алматы – Астана бағыты бойынша 5, Шымкент – Ақтау бағытына 1 рейс ашады.

Бұдан бөлек, 23–26 наурыз аралығында Алматы – Астана бағытына тағы 4, ал Шымкент – Астана және Ақтау – Астана бағыттарына бір-бірден қосымша рейс жоспарланған.