НАУРЫЗ РУХЫН ДӘРІПТЕГЕН ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ⁣⁣⠀

НАУРЫЗ РУХЫН ДӘРІПТЕГЕН ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ⁣⁣⠀

Көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз қарсаңында Шымкент жастар театры көрермендерге ерекше тарту ұсынды. Театр ұжымы ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында⠀«Ұлыстың ұлы күні» атты этно-фольклорлық сахналық қойылым қойды. ⁣⁣⠀

Қойылымның қоюшы режиссері – Қуандық Қасымов, режиссері – Әлібек Қосубақ, ал, көркемдік жетекшісі – Зияева Мөлдір Айдарқызы. Шығармашылық топтың бұл туындысы қазақ халқының бай мәдени мұрасын дәріптеп, жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталған.⁣⁣⠀

Сахналық қойылымда табиғаттың жаңарып, тіршіліктің жандануы, Күн мен Түннің теңелуі, жаңа жылдың келуі көркем бейнелер арқылы әсерлі түрде көрсетілді. Қазақтың мифологиялық танымына негізделген кейіпкерлер – Ұмай Ана, Қызыр Баба, Бақсы, От Бикеш және Ақпан-Тоқпан сахнада көрініс тауып, балаларды жақсылыққа, бірлікке және ізгілікке үндеді.⁣⁣⠀

Қойылым барысында ұлттық әндер мен билер, тақпақтар, халық ойындары мен жұмбақтар кеңінен қолданылып, көрермендердің, әсіресе, жеткіншек балалардың белсенді қатысуына мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар, қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері – бата беру, отқа май құю, ұлттық ойындар мен үлкенге құрмет көрсету секілді тәрбиелік мәні зор көріністер де қамтылған.⁣⁣⠀

Аталмыш⠀қойылым негізінен балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларына арналған.⁣⁣⠀
Шымкент жастар театрының жаңа жобасы Наурыз мейрамының мәні мен маңызын кеңінен насихаттап, жас көрермендерге ұлттық дәстүрдің терең тамырын сезінуге мүмкіндік берді. Көктем мерекесінің шаттыққа толы атмосферасын жеткізген бұл қойылым көрермендерге тамаша көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.