Хабарландыру
«Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы» ММ БАҚ-та (газеттер, журналдар, теле-, радиоарналар және интернет ресурстар арасында) республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Шымкент қаласы, Нұрсәт шағын ауданы, Н.Назарбаев даңғылы, 10 ғимарат мекенжайы бойынша «Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы» ММ кеңсесі 2026 жылғы 16 наурыз күні сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Шымкент қаласы, Нұрсәт шағын ауданы, Н.Назарбаев даңғылы, 10 ғимарат мекенжайы бойынша 2026 жылғы 17 наурыз күні, сағат 15:00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: (субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағиданың 15-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағиданы 2-қосымшасына сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағиданың 3-қосымшасына сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.