
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне халықты тарту
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтың төрағалығымен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне халықты жұмылдыру» тақырыбымен кезекті отырыс өткізілді. Күн тәртібінде үш мәселе қаралып, тиісті тапсырмалар берілді:
1. Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының қалада МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндамасы;
2. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Шымкент қалалық филиалы басшысының «МӘМС жүйесіне халықты жұмылдыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндамасы;
3. «Медициналық көмектің сапасы мен шағымдардың мониторинглеу нәтижелері туралы баяндамалар тыңдалды.
Қала әкімінің орынбасары жиын қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.
Айта кетейік, МӘМС жүйесі – халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ететін негізгі тетік. 2026 жылы профилактика, скринингтік тексерулер және ауруларды ерте анықтау негізгі басымдық ретінде айқындалмақ.
Халықтың осал топтары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі сақталып, амбулаторлық-емханалық көмек көлемі кеңейтіледі, сонымен қатар, созылмалы ауруларды басқару бағдарламалары күшейтіледі. Пациент құқығын қорғау және кері байланыс тетіктері жетілдіріледі.
Медициналық ұйымдардың жауапкершілігі мен қаржылық тәртібі күшейтіледі. Осыған орай жауапты мамандар тұрғындарды МӘМС жүйесіне қосылып, сақтандырылуға шақырады.