ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтетін «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестиваліне шақырамыз.

Мақсатымыз – ұлттық киім мәдениетін жаңғырту, жас дизайнерлер мен қолөнер шеберлерінің шығармашылығын қолдау, сондай-ақ ұлттық мұраны жас буынға дәріптеу.

Іс-шараға мәдениет, сән және дизайн бағытындағы оқу орындарының жас дизайнерлері, қолөнершілер мен шығармашылық ұжымдар қатыса алады.

Өтетін уақыты: 2025 жылғы 19 қараша, сағат 11:00
Өтетін орны: Шымкент қаласы, Достық үйі

Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі байланыс нөміріне хабарласуға болады:
 +7 707 743 92 21

Ұлттық киім – ұлт рухының айнасы, ұрпаққа мұра болып қалатын қазына!