Қаладағы Жастар ресурстық орталығында «Республика күні – егемендіктің бастауы» тақырыбында концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада қаланың белсенді жастарына құрмет көрсетіліп, шоқтығы биік туындылар орындалды.
Мерекелік жиында жастар ресурстық орталығының басшысы Жансерік Жұман жиналғандарды Республика күнімен құттықтап, атаулы күннің мән-маңызын айтып берді. Жастар ресурстық орталығы тарапынан биыл Республика күнін кең көлемде атап өту жоспарланып отыр.
Республика күніне орай 35 түрлі іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Негізгі мақсат - мерекені кеңінен насихаттау, осы күннің маңыздылығын таныту. Олардың қатарында спорт сайыстары, білім, руханият саласы және тазалық іс-шаралары бар. Мінекей, бүгін алғашқы іс-шаралар басталды, - деді орталық басшысы.
Мерекелік басқосуда жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері жастар саясатын дамытуға қосқан үлестері үшін Алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жиын одан әрі мерекелік концертке ұласты.