
2025 жылғы 20 қазан мен 3 қараша аралығында Шымкент қаласы бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік гранттарға өтінімдер қабылданады. Өтінімдер электронды түрде business.enbek.kz порталы арқылы қабылданады.
Қайтарымсыз гранттар жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға өз кәсібін бастауға қолдау көрсету мақсатында беріледі. Грант көлемі 400 айлық есептік көрсеткішті (1 572 800 теңге) құрайды.
Өтінім беру үшін үміткерлер міндетті түрде «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курсынан өтуі және курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификатқа ие болуы тиіс.
Гранттар конкурс негізінде, үміткерлердің бизнес-жоспарларын қарау арқылы комиссия шешімімен беріледі. Қайтарымсыз қаржы тек бизнес-жобаны іске асыру мақсатында пайдаланылады және мақсатты жұмсалуын растайтын құжаттар талап етіледі.
Барлығы 93 грант қарастырылған. Өтінімдерді қабылдау мерзімі шектеулі болғандықтан, азаматтардан көрсетілген уақыт аралығында қажетті құжаттарды толық және уақтылы тапсыру сұралады.
#Шымкент #ҚайтарымсызГрант #БастауБизнес #МемлекеттікҚолдау #Кәсіпкерлік #Грант2025 #ЖұмыспенҚамту #БизнестіДамыту