ШЫМКЕНТТІҢ ЖАС ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІ «ҚАЗАН FEST» БАЙҚАУЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨНЕРІН СЫНАДЫ

ШЫМКЕНТТІҢ ЖАС ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІ «ҚАЗАН FEST» БАЙҚАУЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨНЕРІН СЫНАДЫ

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ «Мәдениет және өнер» факультеті «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының бастамасымен студенттер арасында «Қазан fest» шығармашылық байқауы өтті. Биылғы дәстүрлі байқау ҚР ПҒА академигі, Қазақстан Көркем Академиясы Түркістан ұйымының академигі, профессор, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы Тәңірбергенов Медеубек Жұматайұлының 60 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. Жас қылқалам шеберлерінің байқауында Шымкент қаласындағы барлық ЖОО мен колледждерден 120-дан аса студент бақ сынады. Іс-шараға университеттің қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Садыбек Бейсенбаев, белгілі суретшілер мен студенттер қатысты.

Ашылу салтанатында сөз алған «Мәдениет және өнер» факультетінің деканы М.Жұматайұлы байқаудың маңыздылығына тоқталып, бұл студенттердің бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын және қатысушылар арасында ынтымақтастықты арттыратынын атап өтті. Сайысқа қатысушылар «Жеміс-жидектер», «Күзгі гүлдер», «Күзгі шаруашылық өнімдер» тақырыптарында күздің молшылығы мен сұлулығын қылқалам құдіретімен жеткізе білді.

Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректор С.Бейсенбаев талантты жастардың шығармашылық өнеріне алғысын жеткізе отырып, жеңімпаздарды марапаттады.

Байқау нәтижесінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенті Қанағат Ерғалиұлы І орынға лайық деп танылды.
ІІ орын – Алтынай Серғазина (М.Әуезов атындағы ОҚУ) және Анастасия Шушунова (М.Әуезов атындағы ОҚУ) ;
ІІІ орын – Асылзат Бекадилова (Шымкент университеті), Аида Абдусалиева (М.Әуезов атындағы ОҚУ), Дана Әділхан (Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі)
Сонымен қатар ерекше картиналарымен көзге түскен жас суретшілер
Анастасия Анищенко (М.Әуезов атындағы ОҚУ) және Аяна Қабыл (Ә,Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі) «Үздік кескіндемеші» дипломымен марапатталды.
Жеңімпаздар Алғыс хат және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Барлық қатысушыларға алғыс айта отырып, шығармашылық өнерлеріне шабыт тілейміз!