«ҚАУІПСІЗ ҚАЛА»: ШЫМКЕНТТЕ АТА-АНАЛАР МЕН МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ҚАУІПСІЗ ҚАЛА»: ШЫМКЕНТТЕ АТА-АНАЛАР МЕН МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2025 жылғы 6 тамыз күні Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Құрсай шағынауданындағы Әл-Фараби атындағы мектепте ата-аналар мен педагогтарға арналған «Қауіпсіз қала» тақырыбында кездесу өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз және бейберекет жүруінің алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ ата-аналармен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Патрульдік полиция полкінің әкімшілік практика тобының аға инспекторы, полиция капитаны Асылхан Әбдіқалық, Тұран аудандық полиция басқармасы ЖПҚБ бастығының орынбасары, полиция капитаны Құдайберген Төлегенұлы Бегімбетов, сондай-ақ «Жастар ресурстық орталығы» КММ Аутрич және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің инспекторы Заңғар Ғаниұлы қатысты.

Спикерлер өз сөздерінде кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілдегі заңсыз жүріс-тұрысы, ата-аналардың әкімшілік жауапкершілігі мен құқықтық салдары туралы кеңінен түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауап берді.

Аталған кездесулер жүйелі түрде өткізіліп, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар ретінде жалғасатын болады.