Қала аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында наурыз айынан бастап апта сайын жалпыға бірдей сенбілік жұмыстары жалғасуда. Бүгін іс-шара жоспарына сәйкес қалалық сенбілік іс-шарасы ұйымдастырылып, бұл жұмыстарға 11 000 нан аса адам, 215 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 160 тоннадан аса қоқыс шығарылды.
Сенбілік барысында өзен арнасын, жағалауын тазалау, қоқыс қалдықтарын жинау, қураған ағаш бұталарын кесу, шөп ору, ирригациялық арық жүйелерін тазалау, аяқ жолдарды тазалау сияқты жұмыстар атқарылды.
Сенбілік жұмыстарына аудан әкімдіктері, қалалық басқармалар, аумақтық департаменттер, қала тұрғындары мен қоғам белсенділері және ерікті жастар ат салысуда.
Жыл соңына дейін бекітілген іс-шара жоспарын орындау мақсатында апта сайын сенбілік жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылады.