Бүгін мұнай-газ саласында импорталмастырушы өндіріс орындарының әлеуетін арттырып, өзара тиімді ынтымақтастық орнату мақсатында ұйымдастырылған «Теңізшевройл» ЖШС делегациясының қаламыздағы жұмыс сапары қорытындыланды. Делегация құрамында компания басшылығы, сатып алу және техникалық бөлімдердің мамандары, сондай-ақ мердігер ұйым өкілдері болды. Іс-шараға 70-ке жуық жергілікті кәсіпорын қатысты.
Сапардың бірінші күнінде делегация жергілікті тауар өндірушілердің көрмесін аралап, кәсіпкерлермен диалог алаңында кездесті. Келесі күні қонақтар қаладағы ірі өндіріс орындарын аралады. Гидравликалық және су асты сорғыларының өндірісімен айналысатын «Karlskrona LC AB», 25–500 МВА қуаттағы трансформаторлар шығаратын «Asia Trafo», электр құрылғылары өндірілетін «Renaissance SHIK», майлау материалдарын өндіруші зауыт «HILL Corporation», мал бордақылау алаңы мен ет өңдеу кешені «Baiterek Agro» кәсіпорындарында болды.
Ал бүгін әкімдік ғимаратында өткен ресми кездесуде бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды.
Шымкент қаласының әкімдігі мен «Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық» қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Тауар жеткізу бойынша Hill Corporation» «Теңізшевройл» ЖШС арасында келісімшарт бекітілді. Өзара түсіністік пен азық-түлік өнімдерін жеткізу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум
«Барыс-2007» - «Eurasia Support Services», «Baiterek Agro» - «Eurasia Support Services» , «Intermilk Kazakhstan»- «Eurasia Support Services» арасында жасалды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі