ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ АҚЫЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫС ҰСЫНЫЛАДЫ

ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ АҚЫЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫС ҰСЫНЫЛАДЫ

Жазғы каникул кезеңінде 14 жасқа толған мектептің жоғары сынып оқушылары мен студенттеріне ақылы қоғамдық жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Бағдарлама 1 маусымнан 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Жасөспірімдер мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік құрылымдарында қоғамдық көмекші ретінде еңбек етеді.

Бағдарламаға қатысу үшін ата-аналардан жазбаша рұқсат ұсынылады. Жолдамалар тіркелген тұрғылықты мекен жайы бойынша аудандық мансап орталықтарында беріледі. Ай сайынғы еңбекақы мөлшері 28 айлық есептік көрсеткішті - 110 096 теңгені құрайды.

Аудандық мансап орталықтарының мекен жайлары:

Абай ауданы – Арғынбеков көшесі, 243/3;
Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106;
Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі, 201;
Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі, 89;
Тұран ауданы – Қазыбек би көшесі, 50.

Қоғамдық жұмыс – жас ұрпақтың еңбекке бейімделуіне, әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, тәжірибе жинауына үлкен мүмкіндік.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі