Шымкент қаласында барлығы - 176 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасауда. Оның ішінде:
Шымкент қаласындағы негізгі телеарналар:
«ONTUSTIK» телеарнасы;
«Отырар» телеарансы;
«Айғақ» телеарнасы;
«HAN ТV» телеарнасы;
«Уақыт ТВ» телеарнасы.
Негізгі радиоарна:
Негізгі мерзімді басылымдар:
«Шымкент Келбеті»;
«Панорама Шымкента»;
«Уақыт»;
«Айғақ»;
«Рабат»;
«Оңтүстік Рабат»;
«Қызмет»;
«Рейтинг»;
«Әділет. Рухани жаңғыру»;
«Өзге пікір».
Негізгі ақпараттық порталдар:
kz
kz
kz
kz;
kz;
kz
kz
kz
kz
kz
№ |
БАҚ атауы |
Меншік иесі |
Мекен жайы |
Директор-бас редакторы |
Телефоны |
Газет-журналдар |
|||||
1. |
Уақыт |
«Жас толқын» ЖК |
Шымкент қ, 17 ш/а, 51-3 |
Талғат Балтабаев |
8 775 733 04 28 |
2. |
Айғақ |
Құрылтайшысы және меншік иесі: "Айғақ" Медиа" ЖШС |
Шымкент қ., Иляева к., 29 |
Бас директор: Дулат Әбіш Бас редактор: Ұлжан Наушабаева |
30 10 86, 30 07 25 21 34 30 |
3. |
Қызмет |
"Қызмет газеті" ЖШС |
Шымкент қаласы, Қазыбек би. 19 |
Бейсенкүл Нарымбетова |
|
4. |
Рейтинг |
"Рейтинг Media" ЖШС |
Шымкент қаласы, Дулати көшесі, 41 |
Руслан Ербота |
54 80 37 |
5. |
Шымкент келбетi |
"Шымкент ақпарат орталығы" ЖШС |
Шымкент қаласы, Қарасу мөтек ауданы 66/6 |
Уәли Қыдыров |
46 42 22 |
6. |
Панорама Шымкента |
"Шымкент ақпарат орталығы" ЖШС |
Шымкент қаласы, Қарасу мөлтек ауданы 66/6 |
Уәли Қыдыров |
46 42 22, 46 40 44, 46 42 02 |
7. |
Өзге пікір |
"Мамырәлі С. Ж." ЖК |
Шымкент қ, Д. Қонаев даңғылы,17 |
Шадияр Молдабек |
8 775 733 56 65, |
8. |
Оңтүстік Рабат |
«Рабат редакциясы» ЖШС |
Шымкент қаласы, Н.Төреқұлов көшесі, 15 |
Жанна Өтебаева
|
53 54 17 30 10 03 |
9. |
Рабат |
«Рабат редакциясы» ЖШС |
Шымкент қаласы, Н.Төреқұлов көшесі, 15 |
Жанна Өтебаева
|
21 19 18 30 10 03 |
10. |
Алтын ұя |
"Алтын ұя" ЖШС |
Шымкент қаласы, Айбергенов көшесі, 3/1 |
Жарқынбек Төлтебай |
56 69 66 факс: 50 09 72 |
11. |
Ұстаз жолы |
"Тажибаев А.Т." ЖК |
Шымкент қаласы, Қазыбек би 49 |
Әнуар Тәжібайұлы |
8 778 144 45 16 8 776 144 45 16 |
12. |
Ұстаз жаршысы |
"ERNUR-press" ЖШС |
Шымкент қаласы, Әлімқұлов көшесі, 22 |
Жазира Смағұлова |
54 07 47 53 06 66 |
13. |
Ибн Сина |
"Габа Ү" ЖШС |
Шымкент қаласы, Желтоксан көшесі |
Ғалымжан Зиябек |
8 705 368 82 93 |
14. |
Жан дүние |
ЖК "МусаховА.О" |
Шыкент қаласы, Қазыбек би көшесі,19 |
Алтынай Мусахова |
45 23 15 8 702 755 98 07 |
15. |
Ауырмаңыз! |
"Замана" ЖШС |
Шымкент қаласы, Майлықожа көшесі, 59 |
Роза Бекетаева |
53 04 43 53 50 94 |
16. |
Жүз жасаңыз |
"Ernur-press" ЖШС |
Шымкент қаласы, Әлімқұлов көшесі, 22 |
Ләззат Ахметова |
53 77 21, 57 07 47 53 49 98 |
17. |
Жұлдызды өмір |
ЖК "Парпиева Фариза Мергенбаевна" |
Шымкент қаласы,Әйтеке би көшесі 30/12 |
Рауан Парпиев |
53 29 26 8 771 678 79 88 |
18. |
Алтын қазына |
"INFONET COM" ЖШС |
Шымкент қаласы, Қайтпас-1, Нұрмекен 63 |
Қайырғали Медет |
48 81 39 8 701 752 89 71 |
19. |
Берекелі дастархан |
"ERNUR-press" ЖШС |
Шымкент қаласы, Әлімқұлов көшесі, 22 |
Салтанат Алпысбай |
54 07 47, 53 77 21 53 49 98 |
20. |
Қыз жұмбақ |
"Алтын ұя" ЖШС |
Шымкент қаласы, Айбергенов көшесі, 3/1 |
Жарқынбек Төлтебай |
56 69 66 факс: 50 09 72 |
21. |
Ой сана |
"Алтын ұя" ЖШС |
Шымкент қаласы, Айбергенов көшесі, 3/1 |
Жарқынбек Төлтебай |
56 69 66, 50 09 72 |
22. |
Қазворд |
ЖК "Орынбаев" |
Шымкент қаласы, Айбергенов көшесі, 3/1 үй |
Бақыт Нұржігіт |
56 66 69, 50 09 72 |
23. |
Алтын босаға |
"Ernur-press" ЖШС |
Шымкент қаласы, Т.Алимкулов көшесі, 22 |
Жазира Смағұлова |
54 07 47 53 49 98 |
24. |
Алтын сандық |
"Ernur-press" ЖШС |
Шымкент қаласы, Т.Алимкулов көшесі, 22 |
Әйгерім Бектұрғанова |
54 07 47, 53 49 98, 53 77 21 |
25. |
Rixos Life |
"Хадиша Отель" ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы |
Шымкент қаласы, ул.Желтоқсан 17 |
Дана Нугманова |
8 701 091 60 56 |
26. |
Саясат ақпарат |
«Мамықова Н" ЖК |
Шымкент қаласы, Рысқұлов 3/3 |
Назипа Мамықова |
8 702 435 38 45 |
27. |
Уақыт талабы |
"Самир-пресс" ЖШС |
Шымкент қаласы, Қазыбек би 49 |
Жібек Жайлыбаева |
54 03 65 |
28. |
Ар-Дақ |
«Д. Айдана» ЖШС |
Шымкент қаласы, Республика даң.,6а |
Ыбрай Шәріпов |
8 701 329 66 96 |
29. |
Астарлы ақиқат |
ЖК "Сардор" |
Шымкент қаласы, Гагарин көшесі 9"А" |
Сардар Абдуляхяев |
40 30 08 |
30. |
Еркін ой |
«Пернегүл Асаева» ЖК
|
Шымкент қаласы, Анаров көшесі, 10 б-5 |
Пернегүл Асаева |
54 92 76 8 701 385 71 65 |
31. |
Жемқорлықсыз Қазақстан |
Жақсыбай Орынбасар |
Шымкент қаласы, Республика даң.,2а |
Айгүл Далатан |
8 701 152 03 12, 8 707 460 85 46 |
32. |
Темірқазық-ой |
«Темірқазық & РАН» ЖШС |
Шымкент қаласы, Север мөл.ауд 58-45 |
Сулеева Анаргуль |
8 702 267 18 56 8 705 689 11 69 |
33. |
Инновация және мемлекеттік қызмет |
Жеке кәсіпкер У.Әшір |
Шымкент қаласы, Нұрсәт ш/ауданы 108 үй 20 пәтер |
Убайдулла Дәулетұлы Әшір |
8 701 156 03 39, 8 777 557 77 56 |
34. |
Fakt-Ақиқат |
"Қуанышбек" ЖК |
Шымкент қаласы, Ерманов көшесі 11 |
Дәурен Мустафин |
28 00 45, 8 701 340 90 05 |
35. |
Ресми Фактор |
"Сәбит Құралбайұлы" ЖК |
Шымкент қаласы, Гагарина 9А |
Алия Ортаева |
8 775 671 51 64, 8 705 851 85 53 |
36. |
Тәуелсіз Қазақстан |
"Султанов Асқат Эрдавлетович" ЖК |
Шымкент қаласы, Тянь-Шань көшесі б/н |
Асхат Сұлтанов |
8 775 158 98 79, 8 702 106 34 35 |
37. |
Әділет. Рухани жаңғыру |
"Тасс-Media" ЖШС |
Шымкент қаласы, Север м.а., 39 үй, 34 пәтер |
Меирханова Гульзада |
|
38. |
Айна Оңтүстік |
ЖШС "Әлия" |
Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі 49 үй, |
Бектөреев Талғат |
54 03 65 8 778 408 61 37 |
39. |
Шұғыла |
"Қалбыр Б.А." |
Шымкент қаласы, Т.Орынбаев көшесі, №21 |
Базаркүл Ақынқызы |
53 08 37 |
40. |
Болашақ |
«Шамшырақ» ЖШС |
Шымкент қаласы, Х.Дулати көшесі, 203 "А" |
Тұрсынбай Қанаев |
57 75 22, 27 70 04 8 701 890 69 05 |
41. |
Жан мен тән саулығы |
«Тәлімгер» ЖШС |
Шымкент қаласы, Төлеби көшесі 9 |
Пернебай Сапар |
53 08 75 |
42. |
Здоровье духа и тела |
«Тәлімгер» ЖШС |
Шымкент қаласы, Төлеби көшесі 9 |
С.Жолдасова |
53 08 76 |
43. |
Әйел құпиясы |
ЖК "Жунисова П.З." |
Шымкент қаласы, Уәлиханов көшесі, 213/42 |
Фатима Жүнісова |
51 81 63 |
44. |
Денсаулық |
ОҚМФА |
Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңы, 1 үй |
Бейсенкүл Жақсыбекқызы |
40 82 22 (113) 8 702 477 76 39 |
45. |
Жұлдызды өмір |
ЖК "Парпиева Фариза Мергенбаевна" |
Шымкент қаласы,Әйтеке би көшесі 30/12 |
Рауан Парпиев |
53 29 26 8 771 678 79 88 |
46. |
Рухани қазына |
"Ықылас" жастар қоғамдық бірлестігі |
|
Қалиолла Маджанов |
8 701 345 07 20 8 702 266 56 07 |
47. |
Хикаяттар қазаны |
"Борлысай" ЖШС |
Шымкент қаласы, Т.Әлімқұлов көшесі, 22 |
Арысбай Сейітұлы Садықов |
8 701 177 11 35 |
48. |
Пирамида сканворд |
"Борлысай" ЖШС |
Шымкент қаласы, Т.Әлімқұлов көшесі, 22 |
Арысбай Сейітұлы Садықов |
8 701 177 11 35 |
49. |
Зерек сканворд |
"Борлысай" ЖШС |
Шымкент қаласы, Т.Әлімқұлов көшесі, 22 |
Арысбай Сейітұлы Садықов |
8 701 177 11 35 |
50. |
Піл сканворд |
"Борлысай" ЖШС |
Шымкент қаласы, Т.Әлімқұлов көшесі, 22 |
Арысбай Сейітұлы Садықов |
8 701 177 11 35 |
51. |
Ой толғақ |
"Борлысай" ЖШС |
Шымкент қаласы, Т.Әлімқұлов көшесі, 22 |
Арысбай Сейітұлы Садықов |
8 701 177 11 35 |
52. |
Қызыл алма |
"Борлысай" ЖШС |
Шымкент қаласы, Т.Әлімқұлов көшесі, 22 |
Арысбай Сейітұлы Садықов |
8 701 177 11 35 |
53. |
Заңнама |
ЖК "Мамыт" |
Шымкент қаласы, Республика д., 2-а |
Айгүл Мамыт |
8 701 319 99 91 |
54. |
102 |
ЖК "Туганбаев.Б" |
Шымкент қаласы, Стадион көшесі, 5 |
Б.Ақынқызы |
|
55. |
Z-Информ |
"Z (Зет)" ЖШС |
Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 89 |
В.Сериков |
|
56. |
Мектеп |
"Алтын ұя" ЖШС |
Шымкент қаласы, Айбергенов көшесі, 3/1 |
Жарқынбек Төлтебай |
56 69 66 50 09 72 |
57. |
Жас ғалым |
"Алтын ұя" ЖШС |
Шымкент қаласы, Айбергенов көшесі, 3/2 |
Жарқынбек Төлтебай |
56 69 66 50 09 73 |
58. |
Ақылдым |
"Қызмет газеті" |
Шымкент қаласы, Бейбітшілік көшесі, 24 "а" |
Бейсенкүл Нарымбетова |
28 34 07 |
59. |
Алтын босаға.kz |
"Ernur-press" ЖШС |
Шымкент қаласы, Т.Алимкулов көшесі, 22 |
Жазира Смағұлова |
54 07 47 53 49 98 |
Телеарналар |
|||||
60. |
"ONTUSTIK" телеарнасы |
"Қазақстан" Республикалық Телерадиокорпорациясы" АҚ |
Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй |
Саламат Омаш
|
54-88-68, 53-62-07 |
61. |
"Отырар" телеарнасы |
"Собкор" ЖШС |
Шымкент қаласы, Төреқұлов көшесі, 15 үй |
Жанна Өтебаева |
301-003, 21-12-27 |
62. |
"Айғақ" телеарнасы |
"Айғақ" Телерадиокомпаниясы" ЖШС |
Шымкент қаласы, Ғ.Иляев көшесі, 29 үй |
Дулат Әбіш |
55-14-75, 30-07-25 |
63. |
«Хан тв»
|
«Tass-медиа» ЖШС |
Шымкент қаласы |
Ботабеков Қуаныш |
8 747 499 92 18 |
Радио
|
|||||
64. |
Ontustik радиосы |
"Қазақстан" Республикалық Телерадиокорпорациясы" АҚ |
Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй |
Саламат Омаш
|
54-88-68, 53-62-07 |
Интернет-ресурстар
|
|||||
65. |
mezgil.kz |
"Ахметова К." |
Шымкент қаласы, Ш.Уалиханов көшесі, 112 үй, 56 |
Құралай Ахметова |
87011861519, 87781349035 |
66. |
sag.kz |
"Кочеров Наурызбай Рахатбекұлы" |
Шымкент қаласы, 112 орам, Юлаев к, 61 |
Гүлжан Көшерова |
8701-771-16-48 |
67. |
oknews.kz |
"Алтын қауырсын" қоғамдық қоры |
Шымкент қаласы, Уәлиханов көшесі, 192/53 |
Махымова Раушан |
87781349035 |
68. |
rgmedia.kz |
"Усимбаева А" ЖК |
Шымкент қаласы, Дулати көшесі, 41 |
Асылбек Досалы |
87018188544 |
69. |
oko-13.kz |
ЖК "Ахметова" |
Шымкент қаласы, Нұрсат, 47 |
Құралай Ахметова |
87011861519, 87781349035 |
70. |
didarbek.kz |
"Алтын алқа" баспасы" ЖШС |
|
Әсет Әссанди |
8 778 337 11 11 |
71. |
Mediaon.kz |
«Сарын» қоғамдық қайырымдылық қоры |
Шымкент, Қарасу ш/а 12/37 |
Малика Абдалиева |
8 702-507-74-55; 8 778-948-32-50 |
72. |
qazygurt.kz |
"Жұмаділов Г.Ә." ЖК |
Шымкент қаласы, Ғ.Иляев көше 13 үй, 42 |
Тажиев Оңғар |
8 702 643 42 61 |
73. |
Blognews.kz |
Меншік иесі: "Есжанов" ЖК |
Шымкент қаласы, Нұрсұлтан дан, 41 үй, 41 |
Есжанов Ыбрахим |
+7(747)7770085 |
74. |
Ернур.кз |
«Ernur-press» ЖШС |
Шымкент қаласы, Т.Әлімқұлов көшесі, 22 |
Көлбаева Ә.У. |
8775 232 99 33, 8775232 77 33 |
75. |
Уақыт.kz |
ЖК “Сапар-пресс” |
ҚР, ОҚО, Шымкент қалаcы, Зеленая 266. |
Сапарғали Дүйсебайұлы |
8 (7252) 27-22-06 |
76. |
Oninfo.kz |
"Nur-Gauhar" ЖК |
Шымкент қаласы |
Нұрыш Г. |
8 701 869 12 72 |
77. |
Aitnews |
Еркинбекова Рабига Ауданбековна |
Шымкент қаласы |
Еркинбекова Рабига |
+7 778 992 00 00, +7 708 300 13 12 |
78. |
Aq-qara.kz |
«Абдраманов» ЖК |
Шымкент қаласы |
Дәурен Әбдіраманов |
+77025361474 |
79. |
adym.kz |
«Едіге» ЖК |
Шымкент қаласы |
Нұршат Төкен |
+7-777-396-65-76 |
80. |
Otyrar.KZ |
ТОО "Собкор" |
Шымкент қ. Торекулова 15 |
Ирина Казорина |
8(7252)21–12–27 8(7252)21-12-36 |
81. |
Aigak.kz |
"Айғақ" Телерадиокомпаниясы" |
Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, |
Наушабаева Ұлжан |
+7 725 221 36 11 +7 725 230 07 25 |
82. |
Республикалық БАҚ-тың Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшілері
|
||||
83. |
«Қазақстан ұлттық телеарнасы |
- |
Шымкент қаласы |
ҚАЛМАХАН Ғани Беркінұлы |
87017500364 |
84. |
«Қазақстан ұлттық телеарнасы |
- |
Шымкент қаласы |
НҰРБЕКОВ Нұрлан |
|
85. |
«Хабар24» телеарнасы |
- |
Шымкент қаласы |
ПОПКОВА Екатерина |
87054259606 |
86. |
«Хабар24» телеарнасы |
- |
Шымкент қаласы |
АББАЗ Нұрсұлтан |
87057151351 |
87. |
«Хабар24» телеарнасы |
- |
Шымкент қаласы |
НАҒАШЫБЕКҰЛЫ Самат |
|
88. |
«Жібек Жолы» телеарнасы |
- |
Шымкент қаласы |
ӘЛІМБАЕВ Нұрлан |
|
89. |
«Қазақ радиосы» |
- |
Шымкент қаласы |
ӘМІРБЕК Ерсұлтан |
87758203692 |
90. |
«Астана» телеарнасы |
- |
Шымкент қаласы |
ТАЛАСОВА Айзада |
87014593457 |
91. |
«31 арна» телеарнасы |
- |
Шымкент қаласы |
ЖАҚСЫБАЕВ Мақсат |
87474649462 |
92. |
«31 арна» телеарнасы |
- |
Шымкент қаласы |
КИМ Александра |
|
93. |
«31 арна» телеарнасы |
- |
Шымкент қаласы |
НОВИКОВА Анастасия |
|
94. |
«КТК» телеарнасы |
- |
Шымкент қаласы |
АБИЕВ Бек |
87474514158 |
95. |
«Евразия 1» телеарнасы |
- |
Шымкент қаласы |
КЕНЖЕБЕК Ғалымжан |
87015156600 |
96. |
«Евразия 1» телеарнасы |
- |
Шымкент қаласы |
ОРАЗБЕКОВ Батыр |
|
97. |
«Евразия 1» телеарнасы |
- |
Шымкент қаласы |
АБДУЛЛАЕВ Бахром |
87079366334 |
98. |
«Atameken Business» телеарнасы |
- |
Шымкент қаласы |
АЙТЖАНОВ Мақсұт |
|
99. |
«Atameken Business» телеарнасы |
- |
Шымкент қаласы |
НИЗОВКИНА Марина Викторовна |
87007346629 |
100. |
«31 канал» телеарнасы |
- |
Шымкент қаласы |
ҮКІБАСОВА Назерке |
87088625889 |
101. |
«7 канал» телеарнасы |
- |
Шымкент қаласы |
ТАЛИБЖАНОВ Бахрамбек |
- |
Шымкент қаласына тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының тізімі
Қала аумағында 14-35 жас аралығында 381 796 жас бар. Бұл жалпы қала тұрғындарының 32% құрайды.
Қалада 2023-2024 оқу жылында 268 мектепте (Оның ішінде: 150 мемлекеттік және 118 жекеменшік) 259 мыңға жуық оқушы, 8 жоғары оқу орнында 70 865 студент және 38 орта арнаулы оқу орнында 45 622 студент білім алуда.
Министрлікпен бекітілген жастарға қызмет көрсету бойынша нысаналы индикаторларын орындауға 32 әлеуметтік және мемлекеттік жоба қарастырылған.
Білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық бағытында 841 іс-шара ұйымдастырылып, 117 275 жуық жас қамтылды.
Денсаулықты сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту бағытында 469 іс-шара ұйымдастырылып, 37 565 жас қамтылды.
Жастарды жұмысқа ынталандыру, жұмыспен қамту бағытында 2023 жылдың 1 қарашаға дейін 22 355 адам жұмыспен қамту мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органға жүгінген.
Қазіргі таңда, 20 278 адамның өтініші қанағаттандылырып, жұмыспен қамтылды.
NEET санатындағы 29 807 жастың тізімі жасақталды. Жастар ресурстық орталығының «Мобильді тобымен» нәтижелі «Жастар практикасы», «Ақылы қоғамдық жұмыс», «Алғашқы жұмыс орны», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары бойынша базарларда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Қаламыздың 9 базарында және Шалғай елді мекендерде, жастарға мемлекеттік бағдарламар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 12 000 жуық жас қамтылды.
Қаржылық, заңгерлік сауаттылықты арттыру және жастар кәсіпкерлігін дамыту бағытында «Жас кәсіпкер» жобасы аясында базарларда және көлік жуу орындарында 30 741 жасқа түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Кәсіпкер күнделігі» жобасы аясында 82 бейнеролик әзірленіп, әлеуметтік желілерде таратылды.
Қала аумағындағы 9 ірі базарлардың жанынан жастар ұйымдары ашылды.
Базар жастарына «Базар жастар лигасы» өткізілді. Аталған жобаға 400-ге жуық жас тартылды.
Жас отбасылар және жұмыс істеп жүрген жастардың рухани әлеуетін дамыту үшін және қолжетімді тұрғын үйді насихаттау бағытында 401 іс-шара ұйымдастырылып, 32 528 жас қамтылды.
«Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту», «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан», «Мерейлі отбасы», «Гендерлік саясат және қоғамдағы әйелдердің рөлі» тақырыптарында жобалары жүзеге асырылып, жыл соңына дейін шамамен 32 000 жасты қамту жоспарлануда.
Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу бойынша 55 іс-шара ұйымдастырылып, 40 201 жас қамтылды.
Жоғары және арнаулы оқу орындарында «Сенім жәшігі» жобасы ұйымдастырылды.
Аталған жоба бойынша жастар тарапынан келіп түскен өтініштер зерделеніп, тиісті жұмыстарды жүргізу үшін құзырлы органдарға жолданатын болады.
Деструктивті діни ағымдардың кері әсерлері бойынша насихат жұмыстары бағытында 321 іс-шара, 157 кездесу өткізіліп, 24 000-ға жуық жас қамтылды.
Мәдени, рухани, дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу, бос уақыт пен демалыс үшін жағдайларды қамтамасыз ету бағытында «Fitness Park KZ» жобасы, «Жайдарман» ойындары, «Күміс домбыра» және «Күміс қалам» атты жас ақындар байқауылары және тағы басқа 97 іс-шара ұйымдастырылып, 250 000 жас қамтылды.
Келеңсіз жағдайға тап болған жастарға психологиялық 174 іс-шара ұйымдастырылып, 57 000 жас қамтылды.
Маргиналды жастарға «Жаңа өмір» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында пробация есебінде тұрған 700-ден астам жас қамтылды.
«Жастар арасында суицидке жол бермеуді насихаттау жөніндегі іс-шаралар кешені», «Қиын өмірлік жағдайларға тап болған жастар мен жасөспірімдерге жеке психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру» жобалары жүзеге асырылды.
Бұл бағытта жыл соңына дейін шамамен 58 000 жасты қамту жоспарланған.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, волонтерлік қызметтің рөлін арттыруға 8 жоба жүйелі түрде ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар, волонтер жастардың стартап жобаларын қолдау мақсатында арнайы комиссияның шешімімен 3 жобаға 1 млн. теңгеден қаржы берілді.
Сонымен қатар, белсенді шығармашыл жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы жүзеге асырылып, жоба аясында арнайы комиссияның шешімімен 5 жобаға 1 млн. теңгеден гранттар табысталды.
Жалпы волонтерлік бағытта 274 іс-шара ұйымдастырылып, 20 000 астам жас волонтерлер қамтылды.
«Жасыл ел» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында 1500 жас уақытша жұмыспен қамтылды.
Жастардың әскери-патриоттық рухын қалыптастыру бағытында «Жас сарбаз» әскери патриоттық қозғалысы, «Отаныма қызмет етемін!», «Отанды қорғау – қастерлі міндет!» атты 352 іс-шаралар өткізіліп, оған 34 458, жас қамтылды.
Нашақорлықтың маскүнемдіктің зияндығын насихаттау бойынша «STOP: Есірткіге жол жоқ» акциясы барысында сауда нүктелерінде, саябақтарда есірткі жарнамаларының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Түнгі қаладағы жастар», «Жасөспірім», «Көше» атты тақырыптарда 23 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жастармен және тұрғындармен нашақорлыққа қарсы күрес тақырыбында өткен кездесулер туралы жергілікті телеарналарда 31 сюжет көрсетілді.
LED-экрандарда «Нетнаркотикам», «Улучшение качества жизни населения» тақырыбында 2 бейнеролик көрсетіліп, орталық көшелерде 12 дана тақырыптық баннер ілінді.
«Есірткісіз қоғам» бейнеролигі «Фейсбук, Инстаграмм» әлеуметтік желілерде жарияланды.
Шымкент қаласында 563-тен астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның қазіргі таңда 100-ге жуығы белсенді.
Азаматтық қоғам институттарын дамыту және белсенділігін арттыру мақсатында 2021 жылдың 12 қазанда «Азаматтық қоғамды дамыту жол картасы» (Бұдан әрі-Жол картасы) жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Азаматтық ресурстық орталық» (Бұдан әрі-Орталық) ашылды. Орталық азаматтық қоғам өкілдері жұмыс жасау үшін барлық материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.
«Орталықтың» жұмысын үйлестіруші Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының бірлестігі. «Азаматтық Альянстың» құрамына қаламыздағы 58 ұйым біріктірілген.
Орталықтың мақсаты үкіметтік емес секторды қалыптастыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттық өтінімдерді толтыру, азаматтық қоғамды дамыту бойынша ақпараттық, әдістемелік және консультациялық қызметтер көрсету, ҮЕҰ-ға арналған кездесулер мен диалог алаңдарын ұйымдастыру болып табылады.
Жыл басынан «Орталықта» үкіметтік емес ұйымдардың қала тұрғындарын қабылдау кестесі бекітіліп, кестеге сәйкес 20 жуық қоғамдық бірлестіктер өз бағыттары бойынша қала тұрғындарына 45 рет қабылдау жүргізді (Демографиялық гендерлік саясат, ЖИТС-тен балаларды қорғау, психологиялық, әлеуметтік кәсіпкерлік, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру, көші-қон мәселелері, аутизмі бар балалар мен ата-аналарын қолдау, медиация қызметі және т.б. консультациялар).
Нәтижесінде, 150-ден астам жеке және заңды тұлғаларға заң талаптарына сәйкес кеңестер берілді.
Орталықта жұмыс жасайтын мамандар есепті мерзімде 117 ҮЕҰ-ға құқықтық көмектер көрсетті (мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттық өтінімдерді толтыру, ҮЕҰ мемлекеттік органдармен жұмысын қалыптастыру мәселелері бойынша).
Сонымен қатар, Жол картасы аясында пилоттық жоба ретінде «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік үкіметтік емес ұйым», «Үздік әлеуметтік ролик» шағын гранттары ұйымдастырылуда.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында басқарма 17 әлеуметтік жобаның жүзеге асыруда.
Олардың ішіндегі ең ауқымды жобалар бойынша тоқталсам:
«Шымкент қаласына жаңадан қосылған және шеткі аймақтардағы тұрғындарға арналған құқықтық сауаттылық, өмірлік маңызды дағдылар және спорттық сайыстар» - жобасы.
Жобаның мақсаты - қаланың шалғай орналасқан елді мекендеріндегі тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды нашақорлыққа және есірткіге қарсы насихаттау, тұрғындарды қала өмірінің құқықтық мәдениетіне, тұрмыс тіршілігне бейдімдеу.
Жоба аясында, 15 елді-мекенде құқықтық 30 кездесу өткізіліп, спорттың 5 түрі бойынша сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
Қазақстан Республикасының Рәміздерінің 30 жылдығын қала аумағында кеңінен насихаттау мақсатында «ҚР Рәміздерінің 30 жылдығы» жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында «Үздік ролик», «Үздік пост», «Үздік іс-шара» номинациялары бойынша байқау ұймдастырлып, нәтижесінде жеңімпаздар марапатталды.
«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекетттік комиссияның» Шымкент қаласындағы өңірлік комиссиясының Жұмыс тобының қызметі үйлестірілуде.
Жұмыс тобы Республикалық жобалық кеңсемен бекітілген 9 бағыт бойынша қала аумағында және өңірлердегі архивтерде зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Одан бөлек, жыл басанан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру», «Ерлік ұмытылмайды», «Тарихтан тағылым», «Бақытты отбасы-бақытты жан», «Бүгінгі медиа: біліктілік және қоғаммен байланыс» жобалары нәтижелі жүзеге асып келеді.
Шымкент қаласының әкімдігі өңірлік ХІ Азаматтық форумын 2023 жылдың тамыз айының 18-19 күндері өткізді.
Республикалық Азаматтық форумды өткізу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес күн тәртібі «Жастар саясатын және балалар бастамаларын қолдау, волонтерлікті дамыту» тақырыбына арналды.
Форумға орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі мен Азаматтық Альянсының өкілдері, сарапшылар, үкіметтік емес сектордың, бизнес-құрылымдардың, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
Жалпы қаламыздағы белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қоғамдық-мәдени, қайырымдылық шаралардан тыс қалған емес.
Өз кезегінде, қаламызда азаматтық қоғамның белсенділігі арттыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметшілердің оң бейнесін қалыптастыру мен нығайту – мемлекеттік жүйені дамытудың басым бағыттарының бірі. Ал мемлекеттік қызметшілердің оң бейнесіне қойылатын негізгі талаптар «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде анықталған. Онда «мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды» деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Сонымен қатар осы Әдеп кодексінде Ата Заңға, 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарға сәйкес, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормалармен мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ олардың тәртіптерінің базалық стандарты белгіленеді. Ол мемлекеттік органдарға қоғамның сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынаста жоғары мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз қылықтарының алдын алуға бағытталған. Және ең маңыздысы, мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын ұстануы керек және оны сабақтастырып жүзеге асыруы қажет.
Әрине, мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой, бірақ кәсіби тәжірибемен қатар жоғары адамгершілік қасиеттерге ие болу да өте маңызды. Әсіресе, қазіргідей жаңа ақпараттық технологиялар жағдайында және БАҚ-тардың бостандығында. Мемлекеттік қызметші атанудан үміткер адамдар халықтың алдындағы жауапкершілік жүгін анық сезінуі үшін ең әуелі өзінің моральдық-әдептік құндылықтарын дамытуға күш салуы керек. Өйткені Әдеп кодексіндегі талаптарды сақтауы – олардың қызметтік парызы, ал бұзуы ҚР заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке әкеліп соғады.
Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік тәртібі және олардың өз міндеттеріне қатысты әділеттілік деңгейі жалпы қоғам жағдайының, ондағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің, инвестициялық ахуал жағдайының және т.б. маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бұл ретте Елбасының «мемлекеттік қызметші, басшы берілген билікті қолдануы керек, бірақ оның құмарлыққа салынбауы керек», «Кейде лауазымға тағайындайсың, ал ол аяғының астына қарамайды», «Мемлекеттік органдардың басшылары мен мемлекеттік қызметшілер жалпы «өз мүддесін емес, халықтың игілігін ойлауы керек» деген сөздерін жадыңызда мықтап ұстаған жөн.
Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функцияларына мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет туралы заңдарына түсіндірме және кеңес беру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру жататыны. Алайда бұл жауапкершілік жүгін арқалау оңай шаруа емес. Ол үшін өмірлік мол тәжірибе қажет-ақ.
Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес атқаратын лауазымының енгізілуі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12-қадамын жүзеге асыруды көздейді. Ал мемлекеттік қызметшінің моральдық-әдептік құндылықтарын дамыту арқылы оның оң имиджін қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектілерді қарастырады. Мемлекеттік қызметшінің кәсіби шебер болуы жеткіліксіз. Оның тартымды, әлеуметтік топтардың көпшілігіне қолайлы бейнесі болуы қажет. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің бейнесі - ең алдымен билік органдарында жұмыс істейтін лауазымды тұлғалардың мінездемелерінен, олардың образдарын тікелей және жанама құрастырушы факторлардан қалыптасады. Оның қалыптасуы - күрделі және ұзақ үрдіс. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы мен тәртібі әрдайым ашық. Оның бейнесі - мемлекет бейнесінің бір бөлігі. Мемлекеттік қызметшілердің, жалпы мемлекеттік органдар басшыларының жұмысы бойынша биліктің пәрменділігі, олардың қарапайым халықтың мұңы мен мұқтажына жауап бере білу дейгейі бағаланады. Мемлекеттік қызметшілерге жүктелетін жоғары жауапкершілік осыдан туындайды.
Мемлекеттік қызметшінің бейнесі адамның сыртқы келбетімен қатар оның ішкі мазмұны мен психологиялық түрінен құралады; ол уақыт пен қоғамның талабына сай келеді. Әлбетте, ішкі философия сыртқы келбетіне, мінез-қылығына және әріптестерімен қарым-қатынасына әсер етеді. Осыған байланысты кейбір саясаткерлер мен іскер адамдар бейне идеясын дұрыс түсінбеген. Олар «импорт костюм, көбелек-галстук киіп, ұқыпты қырынсам, жылы жымисам, іс бітті – әріптестерім жақсы көріп сыйлайды», деп ойлайды. Бұл - қате және сенім психологиясы туралы өте жеңіл көзқарас. Ал өмірлік көзқарасты өзгертіп, қарапайым және адал болу өте қиын. Міне, сондықтан жиі өкінішке ұрынамыз: кейде имиджмейкердің қабылдауында болған қайраткерге мұқият қарап тұрып оның сәнді киім киген және шашын сылаған, қу, пайдакүнем, алаяқ адам екендігін түсінесіз.
Жағымсыз бейне, өз кезегінде, мемлекеттік билік пен халық арасындағы байланыс жүйесінде проблемалар, яғни мемлекет пен қоғам арасында проблема туындауы мен дамуына әсер етеді. Мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастырудың мақсаты билік құрылымдарының жұмысын тиімді ету емес, барлық азаматтарды оның жұмысының тиімді екендігіне сенімді ету болып табылады.
Ал Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қоя отырып, қоғамның мемлекеттік қызметшіге сенімін жоғарылатуға бағытталған. Сондай-ақ онда мемлекеттік қызметшінің жүріп-тұруы, жұмыстан тыс уақытта, қызметтік жағдайда, халық алдында сөйлеу кезінде өзін-өзі ұстауы сияқты жалпы стандарттар белгіленген.
Қоғаммен қатынас кезінде мемлекеттік қызметшінің сырт бейнесі мен моральдық құндылықтары да аз рөл атқармайды. Сол себепті қала әкімдігіндегі барлық кадрларға пара беру, сыйлық алу фактілерін болдырмауды, әлеуметтік желілерде сыни тұрғыдағы фотоларды жарияламауды ұдайы ескерту қажет. Кез келген мемлекеттік қызметші мынадай міндеттерді сақтау қажет: Біріншіден, басшылар қол астындағы лауазымды тұлғалармен тәртіп бұзушылықты болдырмау мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізуі тиіс. Екіншіден, жұмыстан тыс уақытта ішімдік ішкен ортада болуды шектеуі керек. Үшіншіден, «Жемқорлықпен күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп туралы кодексінің талаптарын бұзбау, жемқорлық фактілерін кесу және анықтау. Төртіншіден, киім кию үлгісін сақтау, жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, соның ішінде сыйлықтарды қабылдамау.
Жалпы, билік пен қоғамның байланысын нығайту екі бағытта жүргізілуі мүмкін. Бірінші, қоғам өзінің құндылықтары мен идеалдарын, моральдық нормаларын танитын билікті көргісі келеді. Сондықтан билік халықтың сенімінен шығуға ұмтылып жалпы құндылықтар мен идеалдарды ұстануы қажет. Екінші, билік өкілдері жай ғана жарқыраған көшбасшылар емес, қоғамда кең тараған ділді жақсы меңгерген, халықтың арасынан шыққан, оларға қол жетімді және биліктің дәлізінде олардың мүддесін жақтайтынын көрсетуі қажет.
Билік құрылымдарының бейнесін жақсы жағына өзгерту, осы құрылымдарға деген көзқарасты да өзгертеді, мемлекеттік биліктің жұмысының тиімділігін арттырады. Әрине, бұл өзгерістер қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар, тұтас мемлекетке сенімін арттырады. Ал өз мемлекетіне сенімді азаматтар, оның болашағына да сеніммен қарап, өз елінің игілігін арттыруға бар күшін салады.
Белгілі бір тәртіпсіз өмір сүру мүмкін емес, себебі егер қоғамда белгілі бір этика сақталмайтын болса, адамдардың арасында қатынас хаосқа айналып кетуі мүмкін. Сондықтан әр қоғамда адамдардың тәртібін адами тұрғыда бақылайтын, теріс қылықтарды азайтатын белгілі бір нормалар жиынтығы құрылған. Мысалы, үлкендерге құрмет көрсету, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау, адамдардың қызығушылықтарын балағаттамау және т.б. Этиканы сақтау өмірдің әр саласында әр түрлі. Этиканы сақтау қызмет бабында сақтау өте маңызды мәнге ие болып табылады. Соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы басты назарды аудартады. Мемлекеттік қызметкер әр түрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен жұмыс істейтіндіктен, аса үлкен дайындықпен қызмет атқару тиіс. Қызмет орнында өзін-өзін ұстай білу, сыртқы бейнесі мен киім үлгісі тәртіпке сай болуын қадағалау, қимыл-әрекеттерін әңгіме кезінде қолдана білу анық әрі түсінікті жүйелі түрде сөйлей білу - осылардың барлығы қызметкердің кәсіби этикалық құндылықтарына және жалпы қабылданған этика жүйелеріне жатады.
Мемлекетке қызмет ету – қоғам мен мемлекеттің тарапынан ерекше сенімге иелену, моральдық-әдептілік талапқа сай келіп, еліміздің жарқын келешегін түзуге бар күш-жігерді жұмсау. Лайым осы бағытта аянбай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалының жақсаруына үлес қосайық!
Шымкент қаласы әкімі аппаратының
Әдеп жөніндегі уәкілі М.Акишев
«Шымкент келбеті» газеті
03.10.2018 ж. №78 (1617)