87 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚШАМДАР ОРНАТЫЛДЫ

87 КӨШЕГЕ ЖАРЫҚШАМДАР ОРНАТЫЛДЫ

 

Шымкент қаласында түнгі жарықтандыру жұмыстары жоспарға сай кезең-кезеңімен атқарылуда.

Қала бойынша әлеуметтік маңызы бар 747 көше бар болса, бүгінде оның 324-і толықтай жарықтандырылды.

Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 102 көшені жарықтандыру жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта 87 көшеге түнгі жарықшамдар орнатылды.

Жарықтандыру көлемін жыл соңына дейін 43%-дан 57%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

2025 жылы бұл көрсеткіш 75 пайызға жеткізілетін болады.