1.5 МИЛЛИОН ШАРШЫ МЕТРДІ ЖЫЛУМЕН ҚАМТУҒА ҚАУҚАРЛЫ ҚАЗАНДЫҚ

1.5 МИЛЛИОН ШАРШЫ МЕТРДІ ЖЫЛУМЕН ҚАМТУҒА ҚАУҚАРЛЫ ҚАЗАНДЫҚ

 

Шымкенттегі жылу қазандықтары қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тікелей бақылауында. Әр апта тексеру, зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін қала басшысы әкімшілік іскерлік орталығындағы қазандық жұмысын тексеріп, қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалауды жауапты басқарма мен сала басшыларына қатаң тапсырды.

ӘІО-тағы қазандық 2015 жылы іске қосылған, 5 жылытқышы бар. Қуаттылығы 160 Гкал. 1.5 миллион квадрат шаршы метр аумақты жылумен толық қамтамасыз етуге қауқарлы.

Қуаттылығы, жаңа құрылғының ескі жылу қазандықтарына қарағанда жылу тарату күші 10 есеге артық. Қазіргі таңда аталған аумақтағы 123 көпқабатты үйді жылумен қамтамасыз етуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі