ҚҰРСАЙЛЫҚ 41 680 ТҰРҒЫН ТАЯУДА САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

ҚҰРСАЙЛЫҚ 41 680 ТҰРҒЫН ТАЯУДА САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

 

Бүгін қала басшысы М.Әйтенов Құрсай шағын ауданы инфрақұрылым жұмыстарының құрылыс барысын тексерді.

7 560-тан астам тұрғыны бар аумақты сапалы ауыз сумен қамту үшін құрылыс жұмыстары 2 кезеңмен атқарылуда.

1-кезеңде 185,5 шақырымға су құбыры тартылып, бітуге жақын. Нәтижесінде 4 900 абонент сапалы ауыз сумен қамтылады. Ал 2-кезеңде тартылатын су жүйесінің жалпы ұзындығы 151 шақырымды құрайды, құрылыс жұмыстарының 92% орындалды. Қараша айында 3 436 абонент, немесе жыл соңына дейін барлығы 41 680 тұрғын таза суға қол жеткізетін болады.

Құрсай шағын ауданы электр жарығымен 100% қамтылған. Дегенмен қуат көзінің сапасын арттыру мақсатында 110/35/10 кв электр желілерін тарату станциясының құрылысы жүргізілуде. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталып, тағы 600 үй сапалы электр жарығына қосылады.

Бірінші талаптың сапа, одан соң әр істің мерзімінен кешіктірілмей ел игілігіне берілуіне тоқталған қала басшысы, іске жауапкершілікпен қарауды еске салды.