ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тұран шағынауданындағы бірқатар инфрақұрылым және инженерлік жүйелердің құрылыс алаңына барды.

Тұран шағынауданындағы ауыз су, табиғи газ, жол және кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.
1-кезеңдегі ішкі орамдық су жүйелердің құрылысына жауапты мердігер – «Үш Сай» ЖШС. Ондағы су жүйелерінің ұзындығы – 63 шақырым. Құрылысты биыл қыркүйек айында аяқтау жоспарда. Қазіргі кезде жер мәселесін шешу қалды.
2-кезеңдегі ішкі орамдық су жүйелерінің құрылысы «Газовое хозяйство» Шымкентгаз» ЖШС тарапынан атқарылды. Су жүйелерінің ұзындығы – 120 шақырым.

Тұран шағынауданын табиғи газбен қамтамасыз ету үш кезеңге жоспарланған. 1-кезең бойынша магистралдық газ құбырының құрылыс жұмыстары аяқталған. 2-кезеңдегі магистралдық газ құбырының құрылысына «Асем құрылыс» ЖШС тарапынан ЖСҚ әзірленді. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс берілді. Сондай-ақ, 3 кезең бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуге «Асем құрылыс» ЖШС тарапынан ЖСҚ әзірленуде. Биыл сараптаманың оң қорытындысы алынып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.

Сонымен қатар, Тұран шағынауданында биыл 13 көшенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында 7 көшеде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталады (1,2,6,7,8,10,13). Қалған 6 көшенің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.

Қала әкімі инфрақұрылым нысандарын жүргізіп жатқан әрбір мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жұмыс барысы туралы әңгімелесіп, жағдайларымен танысты. Тұран жаңа үлгідегі шағынаудан екендігін айта келе, әкім мердігерлерге мұндағы жасалған жұмыстардың әр кезеңінде сапаға көңіл бөлу керектігін айтып, мәселелердің шешілуі үшін басқарма басшыларына тапсырма берді.

Сондай-ақ, шаһар басшысы мердігер мекемелерге жұмысқа жергілікті халықты тарту қажет екенін атап өтті.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі