ҚАЛА ӘКІМІ «БОЗАРЫҚ» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚАЛА ӘКІМІ «БОЗАРЫҚ» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласында энергетика саласын дамыту бағытындағы 220/110/10 кВ «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға таяды.
Жобаның жалпы құны – 7,9 млрд теңге. Қуаттылығы 160 МВт қосалқы станцияның құрылысына жауапты мердігер мекеме – «Аврора Констракшэн» ЖШС.

Қала әкімі М. Әйтенов әлеуетті нысанның құрылыс барысын аралап көрді. Шаһар басшысы жауапты тұлғаларға құрылысты сапалы орындап, өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Қазіргі таңда нысанның бірқатар құрал-жабдықтарын (220 кВ автотрансформатор, 220 кВ КРУЭ, 110 кВ КРУЭ) орнату жұмыстары аяқталды. Басты құрал-жабдықтары толығымын жеткізілген. Әзірге бірқатар құрылыс-монтаж жұмыстары қалған.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2016-2021 жылдары жүзеге асыру жоспарланған. Мердігер мекеме басшылары құрылысты биыл маусым айында аяқтауды жоспарлап отыр.