Шымкентте 2021 жылдың 9-10 сәуірінде Қазақстан Республикасы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық дамыту саласына енген жаңа реформалары бойынша ВКС тәсілімен семинар–кеңес өткізілді.

Шымкентте 2021 жылдың 9-10 сәуірінде Қазақстан Республикасы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық дамыту саласына енген жаңа реформалары бойынша ВКС тәсілімен семинар–кеңес өткізілді.
Семинарға қатысушылар:
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Әбілханұлы;
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ-ның төрағасы Нурбек Нұржанұлы Сериков;
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ-ның департаментінің Басшысы Марғұлан Жеңісұлы Абдыкаримов қатысып, жаңадан енген келесі реформалар боынша:
"Бір үй - бір бірлестік-бір шот" қағидаты бойынша "мүлік иелерінің бірлестігі" коммерциялық емес ұйымның жаңа нысанын құру жолымен басқару органдарының қызметін реттеу бойынша;
- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің жаңа тетігін енгізу;
басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыру және үй-жайлардың меншік иелері тарапынан кондоминиум объектілерін басқару органына бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғын үй құқықтық қатынастары субъектілерінің арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту туралы презентация жасап, Шымкент қаласының тұрғындарына түсіндірді.