ШЫМКЕНТТЕ 5 СӘУІРДЕН ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 5 СӘУІРДЕН ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

Ауа температурасының жылуына байланысты қала әкімінің өкімімен 5 сәуірден бастап Шымкент қаласында жылу маусымы тоқтатылды.
Ережеге сәйкес, бес күнтізбелік күн ішінде тұрақты сыртқы ауаның орташа температурасы 8°С және одан жоғары болған кезде жылыту маусымы тоқтатылады. Қалада көрсетілген ауа температурасы сақталғандықтан жылу беру тоқтатылды. Жылыту маусымында апаттық жағдайлар мен техникалық кемшіліктер орын алған жоқ.

Айта кетейік, Шымкентте жылу беру маусымы 2020 жылдың 15 қазанында басталған болатын. Осы уақыт ішінде жылу беретін мекемелер қаладағы 1896 көпқабатты тұрғын үй мен 479 бюджеттік мекемелерді орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз еткен.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі