
Шымкент қаласының Қайнарбұлақ тұрғын алабында электр желісі құрылысының 2-кезегі жүзеге асырылуда. Жоба іске асқан жағдайда 4 мыңға жуық абонент тұрақты және сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіліп, аумақта заманауи электр инфрақұрылымы қалыптастырылады. Жобаны Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Отау Строй» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асыруда. Жалпы 90 шақырымға жуық желі тартылып, 26 дана трансформатор қойылады. Наурыз айында басталған құрылыс 2026 жылдың күзінде аяқталады деп күтілуде. Бүгінгі таңда жоспарлы жұмыстың 30 пайызы орындалды. Жоба Шымкент қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.