АЙКӨЛ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА АУЫЗСУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

АЙКӨЛ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА АУЫЗСУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі тұрғындармен бірге Айкөл тұрғын алабындағы ауызсу жүйесінің іске қосылуына қатысты. Бұған дейін әкіммен болған кездесуде тұрғындар сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтіп, нәтижесінде осы жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылданған болатын. Жоба аясында 14,7 шақырым су құбыры жүргізілді. Енді жеке үйлер мен әлеуметтік нысандар – жалпы 38 нысан толық ауызсумен қамтамасыз етіліп отыр. Бұл санитарлық-гигиеналық жағдайды айтарлықтай жақсартып, қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қала әкімі демеушілерге және мердігер ұйымға жұмысты уақытында және сапалы аяқтағаны үшін алғысын білдірді. Әкімдіктің, кәсіпкерлердің және аудан тұрғындарының бірлескен жұмысының нәтижесінде жоба қысқа мерзімде іске қосылып отыр. Айкөл тұрғын алабында су жүйесінің іске қосылуы – тұрғындармен ашық диалогтың және өмір сапасын жақсартуға бағытталған жедел шаралардың нәтижесі. Алдағы уақытта қаладағы коммуналды инфрақұрылымды дамыту жұмысы жалғасып, тұрғындарға барлық қажет жағдай жасалатын болады.