ҚЫЗЫЛЖАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛЖАР-2 ШАҒЫНАУДАНЫ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛДЫ

Биыл көктемде қала әкімінің Абай ауданы тұрғындарымен өткен көшпелі кездесуінде Қызылжар-2 шағынауданының тұрғындары ең өзекті мәселенің бірі ретінде инженерлік инфрақұрылымды көтерген болатын. Тұрғындар ұзақ уақыт бойы ауыз су тапшылығын сезініп, мұнда электр энергиясы тұрақсыз болған, ал табиғи газ жоқ. Кездесу қорытындысы бойынша қала әкімі шағынауданға қажет инженерлік коммуникацияны қысқа мерзімде жеткізуді тапсырды. Алкап, Ордакент, Нұрлыкент, Сығанақ, Тереңөзек және Келкент көшелерін қамтитын инженерлік желінің құрылысы 2024 жылдың сәуірінде басталды. Жобаның бірінші кезеңінде ауыз су, электр желісі және газ құбыры жүргізілді. Нәтижесінде тұрғындар заманауи инженерлік инфрақұрылымға қол жеткізді. Бүгінде 265 үй тұрақты ауыз су және электрмен қамтамасыз етіліп отыр, сондай-ақ табиғи газға қосылу мүмкіндігі бар. Жаңартылған инженерлік желілер шағынауданда тұру жайлылығы мен қауіпсіздігін арттырады. Келесі жылы жобаның екінші кезеңін іске асыру инженерлік инфрақұрылым мәселесін толық шешуге және шағынауданның қалған бөлігін қамтуға мүмкіндік береді. Бұл тұрғындардың барлық қажеттілігін өтеп, ауданның одан әрі дамуына жағдай жасайды. Мегаполис басшысы шағынаудан тұрғындарын толыққанды инженерлік инфрақұрылымға қосылуымен құттықтап, мердігер ұйымға жұмысты уақытылы орындағаны үшін алғыс білдірді. Айта кетейік, жаңа шағынаудандарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету — Шымкент қаласы әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі. Қызылжар-2 шағынауданындағы жобаның жүзеге асуы — қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және қолайлы қала ортасын қалыптастыруға жасалған маңызды қадам.