Қызылжар-2 шағынауданы ауыз сумен, табиғи газбен және электр қуатымен қамтамасыз етілді

Қызылжар-2 шағынауданы ауыз сумен, табиғи газбен және электр қуатымен қамтамасыз етілді

Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен Қызылжар-2 шағын ауданындағы инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің (Әлқап, Ордакент, Нұрлыкент, Сығанақ, Тереңөзек, Көлкент көшелері) құрылысы аяқталып, нысан 2025 жылғы 22 қазандағы №40 пайдалану актісімен есепке алынды. Нәтижесінде Қызылжар-2 шағын ауданы толықтай сапалы ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз етілді.