Тұран шағын ауданында инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылу кезеңі

Тұран шағын ауданында инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылу кезеңі

«Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «As Orda Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында Тұран шағын ауданындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына қатысты мемлекеттік сатып алу шарты 2018 жылғы 11 наурызда жасалған. Аталған жоба Тұран шағын ауданының инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыруға және жаңа тұрғын үйлерді инженерлік желілермен қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының шамамен 85 пайызы аяқталып, нысанда абаттандыру кезеңі жүргізілуде. Бүгінгі күні аяқжол мен веложол төсеу, жол жиектерін ретке келтіру, жер қазу және тегістеу жұмыстары атқарылып жатыр. Сонымен қатар инженерлік желілердің қауіпсіздігі мен сапасына бақылау күшейтілген. Жоба аясында барлық жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме тарапынан қажетті шаралар қабылдануда. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында қазба және соңғы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.