Қызылжар-2 мөлтек ауданында ауыз су, электр және газ инфрақұрылымын тарту жұмыстары жүргізілуде

Қызылжар-2 мөлтек ауданында ауыз су, электр және газ инфрақұрылымын тарту жұмыстары жүргізілуде

Қызылжар-2 мөлтек ауданында ауыз су, электр желілері және табиғи газ тарту бойынша инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Жобада жалпы ұзындығы 6,9 шақырым газ құбыры, 10,1 шақырым су құбыры және 2,4 шақырым электр желілерін тарту қарастырылған. Аталған жұмыстарды мердігер ұйым – «Шымкентгаз» газ шаруашылығы жүзеге асыруда. Жоба 2025 жылдың сәуір айында басталып, 2026 жылдың желтоқсан айында толық аяқталуы жоспарланған. Қазіргі уақытта мамандар тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілуде, нысан толық аяқталған соң қабылдау актісі рәсімделетін болады.