«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» және Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі №35-н/қ өкіміне сәйкес, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай, аталған талдауға байланысты ұсыныстарыңыз бен ескертулерінің болған жағдайда интернет желісінде және ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас маманы Асқар Алтынай Асқарқызының 8-(7252)53-27-43, 8-777-370-01-17 телефон нөмірлеріне немесе g.sergaziev@shymkent.gov.kz электрондық поштасына хабарлама қалдыруға болатынын ескертеміз.