1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік іс-шара өтті

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Еңбекші ауданында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 12-ші шағынаудандағы гүлзарда 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді.

Мерекелік іс-шараға аудан тұрғындары, ардагерлері, этномәдени өкілдері және аудан жастары қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары А.Парманов сөз кезегінде жиынға қатысушыларды
1 мамыр – Қазақстан халқының «Бірлігі күні» мерекесімен құттықтай отырып, мерекелік іс-шара барысында аудан белсенділерін атқарылып жатқан жұмыстары үшін аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шарада концерттік бағдарламаға аясында тақырыпқа сай әншілер мен бишілердің асқақтата орындаған әндеріне жиналған көпшілік қауым ризашылық білдірді.