Бүгін Еңбекші ауданы аумағында дәстүрлі сенбілік жұмыстары жалғасын тапты. Сенбілік барысында Ш.Уәлиханов көшесі №215 А мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің ауласы мен айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді.
🔹 Қоқыстар шығарылып,
🔹 Айнала толықтай сыпырылып,
🔹 Қураған ағаштар мен бұтақтар кесіліп,
🔹 Шөптер орылып,
🔹 Ағаштардың түптері әктелді.
Мұндай іс-шаралар – тек қоршаған ортаны жақсартуға емес, сонымен қатар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға да бағытталған.
Таза қала – әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі екенін еске сала отырып, баршаңызды тазалық шараларына белсене қатысуға шақырамыз!