
Абдулабад және Базарқақпа тұрғын алабтарында жеке кәсіпкер З.Базарбаевтың демеушілігімен шырша ағаштары отырғызылып жатыр. Бұл шара көшенің көркін арттырып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Барша кәсіпкерлерді осындай көгалдандыру жұмыстарына демеушілік көрсетуге шақырамыз. Әрбір кәсіпкердің қолдауы қаламыздың көркін ашып, тұрғындарға жақсы өмір сүру мүмкіндігін береді.