Кәсіпкерлер назарына!

Кәсіпкерлер назарына!

 

Еңбекші ауданы әкімінің аппараты назарыңызға жеткізеді,  Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» №360-VI Кодексі «Энергетикалық сусындарды тұтыну профилактикасы және тұтынуды шектеу» туралы 108-1-баппен толықтырылған. Толықтырулар 2025 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқы енгізілді. Бұл бапта келесі нормалар көзделген:

  1. Энергетикалық сусындарды тұтыну профилактикасы және тұтынуды шектеу халық денсаулығын оларды тұтыну салдарынан сақтауға және инфекциялық емес аурулардың пайда болуының алдын алуға бағытталған.
  2. Энергетикалық сусындарды:

1) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға;

2) сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы сатушының тікелей қатысуынсыз;

3) сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттарсыз өткізуге тыйым салынады.

  1. Энергетикалық сусындарды таңбалау Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Энергетикалық сусындарды сату кезінде энергетикалық сусындар саудасын жүзеге асыратын адамдар сатып алушының жиырма бір жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда:

1) жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуін талап етуге;

2) егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмеген жағдайда, энергетикалық сусындарды сатудан бас тартуға міндетті.

  1. Энергетикалық сусындарды сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекі жерде мынадай мазмұндағы: "Энергетикалық сусындарды жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынады." деген жазба орналастыру тиісті.

Осы нормалар 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді және орындауға тиісті екендігін ескертеміз.