Лизинг – қарапайым әрі ыңғайлы қаржы құралы. Оның арқасында кәсіпкер өзіне қажет мүлікті дер кезінде пайдалана алады. Бұл – несие мен қолма-қол ақшаға сатып алуға жақсы балама.
Кәсіпкерлер Қордың «Даму-Лизинг» бағдарламасы аясында арнайы мақсаттағы жабдықтар мен автокөліктерді жалға алып, құнын біртіндеп төлеп шыға алады.
Бағдарлама шарттары:
Несиемен салыстырғанда лизингтің бірнеше артықшылықтарын атап өтейік:
Біріншіден, кепідлік ұсыну қажет емес. Өйткені, жабдықтың немесе көліктің өзі қазірдің өзінде лизинг мүлкі болып тұр.
Екіншіден, мүлік арзанырақ болуы мүмкін. Лизингтік компаниялар оларды көбінесе көтерме сатып алады, сондықтан олар сізге қажет көлікті немесе жабдықты үлкен жеңілдіктермен сатып ала алады. Осының арқасында сіз техниканы несие алып, өзіңіз сатып алғаннан гөрі аз сомаға лизингтік компаниядан аласыз.
Үшіншіден, лизинг беруші бизнестің ерекшеліктеріне бейімделген төлем кестесін жасай алады.
Осы бағдарлама туралы және басқа мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары туралы толық ақпаратты damu.kz веб-сайтынан және Шымкент қ. Қонаев даңғ., 95/1 ғим., немесе +7 (7252) 99-70-49 нөмірі арқылы алуға болады.