ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!!!
▫ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде «ЗАҢ КЕРУЕНІ» республикалық акциясы бастау алды.
▫ Акцияны өткізудің басты мақсаты - халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту.
▫ Осы орайда, Қала прокурорының орынбасары Мухамеджан Бахтияр Мухамеджанұлы және қалалық уәкілетті органдардың жауапты өкілдерімен кездесуін өткізу жоспарлануда.
№ |
Кездесу орны |
Кездесу уақыты |
Елді мекендер |
1 |
Еңбекші ауданы, Базарқақпа елді мекені, Жамалов көшесі, н/з (Достық университеті) |
01.11.2022 жыл сағат 09:00 мен 18:00 аралығы |
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы «Абдуллабад», «Базарқақпа», «Бадам-1», «Тұрдыабад», «Шаңырақ» елді мекен тұрғындарымен |
2 |
Еңбекші ауданы, Тоғыс елді мекені Арзымбетов көшесі, №30 (Қазығұрт аумағы бойынша әкімшілік ғимараты) |
03.11.2022 жыл сағат 09:00 мен 18:00 аралығы |
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы «Тоғыс», «Маятас», «Елтай», «Жыланбұзған», «Айнатас» елді мекен тұрғындарымен |
3 |
Еңбекші ауданы, Қаратөбе елді мекені, Қапал батыр көшесі, №84А (Жұлдыз аумағы бойынша әкімшілік ғимараты) |
04.11.2022 жыл сағат 09:00 мен 18:00 аралығы |
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы «Қаратөбе», «Қарабастау», «Жұлдыз», «Бадам-2», «Бадам» елді мекен тұрғындарымен |
▫Кездесуде тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді, әлеуметтік көмектерді, жәрдемақылар мен жеңілдіктерді алу, мүлікті тіркеу, мұрағаттық анықтамаларды беру, салықтарды есептеудің дұрыстығы және т.б. өзекті мәселелерінің шешімі бойынша сала мамандарынан заңнама шеңберінде тиісті КЕҢЕСТЕР мен жауаптарын алуға мол мүмкіндігі бар.
Еске сала кетейік, көшпелі топтың құрамы прокуратура, құқық қорғау мен жергілікті атқарушы, өкілді және мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының өкілдерінен тұрады.
Құрметті тұрғындар мен қонақтар!!!📣
▫«ЗАҢ КЕРУЕНІ» акциясы - барша тұрғындарға беріліп отырған үлкен мүмкіндік.
▫Баршаңызды республикалық акцияға белсенділік танытып, қатысуға шақырамыз!