Еңбекші ауданы бойынша ардагерлер ұйымының төрағасымен кездесу

Еңбекші ауданы бойынша ардагерлер ұйымының төрағасымен кездесу

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және Шымкент қаласының әкімдігі арасында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Еңбекші ауданы бойынша ардагерлер ұйымының төрағасы Жайшибеков Зулпухар Сарсенбайұлымен Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметшілерінің кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында Зулпухар Сарсенбайұлы, мемлекеттік қызметшілердің әдебі, адалдық пен әділдік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, отбасы құндылығы, ұлттық намыс пен болмыс, рухани жаңғыру мәселелері бойынша өзекжарды ойымен бөлісіп, аудан әкімі аппараты қызметшілерінің сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Жиын соңында, аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Күзенбаев, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі тәжірибесі мол Зулпухар Сарсенбайұлына әкімдік қызметкерлері атынан алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.