«Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысуға шықарамыз

«Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысуға шықарамыз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды.

          Жобаның мақсаты Еңбекші ауданының аумағын абаттандыру, дамыту бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

            P«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша тұрғындардан өтінімдер ағымдағы жылдың 01 қыркүйегінен бастап 22 қыркүйегіне дейін қабылданады;

          PКез-келген аудан тұрғыны аудан аумағын абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеясын ұсына алады;

          PЕгер Сіздің жобалық ұсынысыңызды дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолдаса, ол жоба қалалық бюджет есебінен жүзеге асыруға ұсынылады;

          PСіздердің ұсыныстарыңызды 2021 жылдың 22 қыркүйегіне дейін күтеміз!

          PЕңбекші ауданы бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасының жұмысшы органы Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты;

          PҚосымша сұрақтар бойынша байланыс телефон: 8(7252) 43-30-40;

          P Жобалық ұсыныстар бойынша өтінімдер Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында қабылданады https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbekshilder/bnu/167?lang=kk ;

          PЖобаға қатысты қосымша ақпараттармен Еңбекші ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналасқан «Халық қатысатын бюджет» сілтемесі арқылы танысуға болады.