Еңбек шарты бойынша ұлттық санақтарға дайындық және өткізу жөніндегі жұмысшыларды қабылдау туралы хабарландыру

Еңбек шарты бойынша ұлттық санақтарға дайындық және өткізу жөніндегі жұмысшыларды қабылдау туралы хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

"Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті" РММ 2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағын өткізу үшін мына санаттағы мамандарды өтемелі қызмет көрсету шарттары бойынша жұмысқа қабылдау туралы хабарлайды:

 

Нұсқаушы-бақылаушы 186 бірлік, жұмыс кезеңі 2021 жылғы 24 қыркүйектен 7 қарашаға дейін, жалақысы нақты көрсетілген қызметтерге 125 014 теңге - 45 күнге; Интервьюер (тіркеуші) 1304 бірлік, жұмыс кезеңі 2021 жылғы қазанның 1-нен 30-ына дейін, жалақысы орындалған жұмыстар актісіне сәйкес 104 179 теңге сомасында 833 үй шаруашылығында сауал салынатын адамға орташа жүктеме кезінде нақты көрсетілген қызметтерге төлем жүргізіледі;

 

         Еңбекке ақы төлеу өтемелі қызмет көрсету шартының негізінде, нақты көрсетілген қызмет үшін, зейнетақы жарналарын, жеке табыс салығын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын шегеріледі.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары білімнен кейінгі білім, арнайы орта, кәсіби орта, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім, жұмыс өтіліне қойылатын талаптарды ұсынусыз.

Нұсқаушы-бақылаушының лауазымдық міндеттері:

         бекітілген нұсқаулық телімінде интервьюерлердің жұмысын үйлестіру және бақылау, туындалған сұрақтар бойынша интервьюерлерге кеңес беру, санақ және дайындық іс-шаралар барысы туралы сұратулар бойынша есептерді құрастыру және жолдау, нұсқама жүргізу, жаңа қабылданған интервьюерлерді оқыту, алынған ақпараттық және есептік деректердің құпиялық қағидаттарын сақтау.

Интервьюердің (тіркеушінің) лауазымдық міндеттері:

          респонденттерге тікелей (жеке) бару арқылы сауал салуды жүргізу, өткізілетін санақтың мақсаты мен міндеттерін халыққа түсіндіру және алынған мәліметтерді планшеттің санақ парақтарына енгізу, күн сайын нұсқаушы-бақылаушыға бекітілген есеп телімінде өткізіліп жатқан жұмыс туралы хабарлау, алынған ақпараттық және есептік деректердің құпиялық қағидаттарын сақтау.

Түйіндемелер (160012, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 30 а, анықтама үшін телефон: 8 (7252) 39-50-45, электронды мекенжай:  b.erzhan@aspire.gov.kz, a.bakhadur@aspire.gov.kz) 2021 жылдың 24 қыркүйегіне дейін қабылданады.