Заманның талабына сай қабылданған кодекс

Заманның талабына сай қабылданған кодекс

Қазіргі таңда адамзат барлық салада ілгерілеуге ұмтылуда, әр салада өзіндік жаңашылдықтар пайда болып жатыр.

2021 жылдың 1-шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін 2020 жылғы 29 маусымдағы №350 Қазақстан Республикасының  әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі еліміздің құқықтық саласындағы қатынастарды реттеуге  қажет кодекс болып отыр.

ҚР ӘРПК тиімді  және бүкпесіз  мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың тікелей басқару шешімдерін қабылдауға қатысуын қамтамасыз етеді, жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайтады.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі  «әкімшілік орган» түсінігін бекітті, оған мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қатар құрамына әкімшілік актіні қабылдауға, әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) жасауға уәкілеттік берілген мемлекеттік заңды тұлғалар, басқа ұйымдар кіретін болады. Осылайша сотта әкімшілік орган немесе өкілетті тұлға жауап беруші болады.

Қазіргі таңда елімізде әлеуметтік желілерді пайдаланушы азаматтар саны күннен-күнге артуда. Еңбекші ауданы әкімінің аппаратында тұрғындардың пікірлерін, ойларын жеткізу үшін «WhatsApp», «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілері ашылған, туындаған  мәселелерді  тиімді әрі жылдам, қолайлы түрде шешуге мүмкіндік береді.

Осының барлығы біздің халық үніне құлақ асатын мемлекетте тұратынымыздың бірден-бір дәлелі.

Аудан әкімі аппаратының барлық мемлекеттік қызметшілері  ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастырумен  өткізілген  Қазақстан Республикасының  әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормалары бойынша оқу бағдарламасын  аяқтап,  кодекс ерекшеліктерімен танысты.